Мемлекет басшысы интернетті бұғаттауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік журналист Алексей Пивоваров Қасым-Жомарт Тоқаевтан интернетті бұғаттап, желіні бақылауға алу, қажет кезде өшіріп тастауға қатысты пікірін сұрады. Президент өз кезегінде мұның қиын сауал екенін жасырмады.
«Президент 2.0» деректі фильмі «31 арнада» көрсетілді.
«Бұл қиын сұрақ. Бірақ бұл заманда ұлу секілді тығылып өмір сүру мүмкін емес. Үлкен желіге қосылудың қандай да бір жолдары табылады», – дейді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлерге желіде белсендірек болуға кеңес бергенін айтты.
«Қазір интернеттің дамыған заманы. Осы орайда әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет. Әрбір мемлекеттік қызметшінің желіде белсенді болғаны жөн. Ең бірінші кезекте орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрқайсысында халықпен тікелей жұмыс істейтін және кері байланыс жасап отыратын алаңдардың болуы шарт», – деді Тоқаев.