Ала таяқты қайта қолға алатындарын Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
«Осы жұмыс шеңберінде жұртшылықтың, жүргізушілер одағы мен көлік иелерінің пікірлеріне талдау жүргізілді, олар түнгі уақыттарда және жол нашар көрінетін кездері, әсіресе: – жол-көлік оқиғалары кезінде көлік құралдарын жолдан алу және кептелістерде, сондай-ақ жол-жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына өзгерту кезінде; – бағдаршамдар істен шыққанда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және олардың салдарларының алдын алу кезінде жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқтарды қайтару мақсатқа сай деп есептейді» – делінген ІІЬ таратқан хабарламада.
Ала таяқтарды қайтару процедурасы заңнамалық өзгерістер мен оларды сатып алуға бюджеттік шығындарды қажет етпейді.