Белгілі блогер, әлемнің ең ақылды адамдарының басын қосқан Mensa International клубының мүшесі Димаш Әділет өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт Қазақстандағы сұранысқа ие сүрбойдақтардың тізімінде болған еді. Ол қуанышты жаңалықты өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Ол «иә» деп жауап берді», – деп жазды видеоның тұсына.
Аталған видео бір сағат ішінде 174 мың көрілім мен 4 000 пікір жинады. Желідегі оқырмандары одан мұндай қадамды күтпегенін жарыса жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Менің жүрегім жараланды», «Мені таңдамағаның үшін кешіремін. Бірақ бәрібір де сені өмірімнің соңына дейін сүйіп өтетін боламын», «Саған уақытымды босқа шығындадым, бекер соншама пікір жаздым», «Бүгін барлық қыз жылап жатқан болар», «Ал қыздар жылауды бастап кеттіңіздер ме?», «Бүгін жарты әлемнің қыздары асылатын шығар» деп жазды олар.
Қазақстандық сері жігіттің сүйіктісі — 26 жастағы модель. Ол Ресей Федерациясының тумасы.