Сейсенбі, Қаңтар 19, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

«Басы мына жақта, аяғы ар жақта»: Қазығұртта 8-сынып оқушысы көз жұмды

Ақпан 20, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Басы мына жақта, аяғы ар жақта»: Қазығұртта 8-сынып оқушысы көз жұмды
Поделиться на Facebook

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазығұрт ауылындағы мектеп-лицейдің 8-ші сынып оқушысы Бейбарыс Нұралы мектеп ауласынан ес-түссіз күйде табылған. Аудандық білім бөлімі ауруханаға жетпей көз жұмған баланың ажалы өзінен болғанына сенімді. «Денсаулығы сыр беріп, өзі құлауы да мүмкін» дегенімен, полиция «абайсызда кісі өлтіру» бабымен тергеуді бастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сыныпта екі күннен бері маза жоқ. Сыныптастары сегіз жыл бойы бірге оқыған Бейбарыс Нұралының жоқ екеніне әлі сене алмай жүр. Партасы бос тұр. Сейсенбі күні соңғы сабақ – дене шынықтыру пәнінен шыққан Бейбарыс үйіне жете алмаған.

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

– Мен келген кезде оның басы мына жақта, аяғы ар жақта болған. Мойны жібермей  тартылып қалған болатын.

Мұғалімдер сұлық жатқан баланы дереу аудандық ауруханаға жеткізгенімен, 14 жасар Бейбарыс тілге келмей көз жұмады. Мектептің бірнеше жеріне қойылған камераға Бейбарыстың құлаған жері түспей қалыпты. Дегенмен өз тексерісін жүргізген білім бөлімі баланың соңғы сабақта бозарып отырғанын және сол күні мектеп ішінде сыныптасымен шекісіп қалғанын анықтаған.

«Зерделеу барысында мектептегі бейнебақылауда ішкі істер бөлімі байқаған кезде, ол баланың Асанов Рамазан деген оқушымен, яғни өзінің сыныптасымен арасында кикілжің болғаны анықталды», – деді Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев.

Тексеріс енді басталды десе де, білім бөлімі балалардың жабылып соққанын жоққа шығарады. Оқуда жүріп талып қалғанын мектептен емес, көшедегі біреулерден естіген Бейбарыстың әкесі, оған сыныптастары жабылғанын айтып, мектеп басшылығы абыройын төкпес үшін жылы жауып отырғанына сенімді.

«Сынып оқушылары «Бейбарысты теуіп жатқанын көрдім» дейді бір бала. «Бес бала» дейді. «Кейін ол талып қалды» – дейді. Балам талған жоқ, сол кезде кетіп қалған. Жанды жеріне тиген де… – Жабылған кімдер екен? – Сыныптастары. «Анам екеуіңізді асыраймын. Менде мал болады, қора болады» деген еді. Арманы сол еді, арманымен кетті», – деді марқұмның әкесі Ғабиден Батырханов.

Ал әуелде «Бейбарысты құрдасы итеріп қалып, содан құлап өлді» деген полиция, енді алғашқы жауабынан айнып, «кінәлілер әзірге анықталған жоқ» деп отыр.

«ҚР ҚК 104- бабымен қылмыстық қозғалды. Абайсызда өлім келтіру», – деді Қазығұрт аудандық ПБ бастығы Арман Ақшораев.

Баланың өлімінің нақты себебі тек сараптама қортындысынан кейін айтылады. Оны жарты айдай күту керек. Ал мектепке кетіп, мүрдесі мәйітханадан бір-ақ шыққан Бейбарыстың жақындары оқушылардан «өзге мектеп басшылығы да жауапқа тартылсын» дейді. Кінәлілер жауаптан «құтылып кете ме?» деп қауіптенген марқұмның жақындары істі прокуратура бақылауға алғанын қалайды.

Бөлісу116ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Айқын Төлепберген: Екі әйелді ұстау қиын екен

Келесі жаңалық

"Көліксіз жүруді елестете алмаймын": 90 жастағы Матрёна әже әлі көлік айдап, нәпақасын тауып жүр

ҰқсасЖаңалықтар

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді
Денсаулық

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4
Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.
Шоу-бизнес

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13
Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді
Денсаулық

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
38
4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды
Қылмыс

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
183
Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін
Бокс және ММА

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Көліксіз жүруді елестете алмаймын»: 90 жастағы Матрёна әже әлі көлік айдап, нәпақасын тауып жүр

"Көліксіз жүруді елестете алмаймын": 90 жастағы Матрёна әже әлі көлік айдап, нәпақасын тауып жүр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.1k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
995
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
38

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
183

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.