Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі КН сайтына сілтеме жасап.
Қайтыс болған Александр Глазко Нұр-Сұлтанда іс-сапармен жүргені белгілі.
Whatsapp мессенджері арқылы тараған ақпаратта Глазконың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазылған.
ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі басшы орынбасарының өліміне қатысты ақпаратты растады.
«Осы жылдың 26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында іс-сапарда жүрген Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.