Әжетханадан жаңа туған нәресте табылды. Оны адамдар құтқаруға талпынған сәті 7 шілде күні әлеуметтік желілерде жария болды, деп хабарлайды Neonomad.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға Өзбекстанның Сұрқандария облысы Денеу ауданында болған. Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, нәресте «Лолазор» баразарының әжетханасынан табылды.
Видеода көріп отырғандарыңыздай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тағы бірнеше адам әжетханадан нәрестені алуға тырысуда. Басылымның мәліметінше, бала аман, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығында жатыр.
«Қыз бала, салмағы – 3500 грамм, бойы – 50 сантиметр. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.
Көкек ана базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері оны іздестіруде.