«Осылай менің пешенеме жазылған деп ойлаймын. Өйткені, оның алдында қаншама қазақ қыздары болды. Ешқайсымен болмады. Қазақ қызынан да бетер өзін көрсетіп жатыр. Сол себепті мен ешқандай өкінбеймін. Әкемнің артына кір келтірдім деп те айта алмаймын» , – дейді Әбілқайыр.
Италияндық ару қайын атасымен жиі сырласып тұрады екен.
«Екеуі қазір дос болып кеткен. Сырлас екеуі. Аллаға шүкір. Қазір келін қазақша бірталай біліп қалды. Барлығы жақсы. Шайын құйып береді, таңертен сәлем салады. Алла берген бір қызым бар. Кеше ғана бір жасқа толды. Атын атасы қойды. Есімі Ләйлім» , – дейді Әбілқайыр Жексен.