Жапонияда «Хагибис» тайфун болып, 74 адам қаза тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Табиғи апат 12 қазанда орын алды.
Тайфунның салдарынан 74 адам қаза тапты, тағы 11 адам іс-түссіз жоғалып кеткен.
Жалпы 220 адам зардап шеккені белгілі.
Қазіргі уақытта қираған аудандарда инфрақұрылымды қалыпқа келтіру процесі мен іздеу-құтқару операциялары жүріп жатыр.