Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің төрт өңірінде ауа райы нашарлайды. Олар Ақмола облысы, Батыс Қазақстан, Қостанай облысы және Түркістан облысы.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, қарлы боран болады, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.
Түркістан облысында тұман болуы мүмкін.
Бұған дейін, Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады.