14 жастағы Абзал Мырзаш Қазақстандағы университеттердің бірінде екінші курста оқиды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.
Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен. Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол, – делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.