2015 жылдан бері Informburo.kz сайтының бас редакторы болған Михаил Дорофеев көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге журналистің неден қайтыс болғаны белгісіз. Әріптестері бірнеше күн бұрын ғана жұмысқа келіп қуантқанын айтып жатыр.
Михаил Дорофеев «Дословно», «Портрет недели», «Формула личности», «Телебуриме» және «Тема» сынды әртүрлі бағдарламалардың жүргізушісі болған.
Сондай-ақ, ол «Экспресс К», «Труд в Казахстане», «Мегаполис», «Евразия-Центр» газеттерінде, «Астана», «Жетінші арна» және «КТК» арналарында жұмыс істеді.
Neonomad.kz редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!