Қазақстандық кәсіби боксшы Әли Ахмедов америкалық қарсыласы Эндрю Эрнандесті небәрі жарты минутта тізе бүктірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жекпе-жек Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden алаңында Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко жекпе-жегінің алдында өтті. Сондай-ақ бұл жұдырықтасу үшін WBC International Silver чемпиондық белбеуі тігілген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Боксшылар Әли Ахмедов пен Эндрю Эрнандес арасындағы жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық өзінің алғашқы WBC белбеуін сәтті қорғады. Бұл Ахмедов үшін он алтыншы жеңісі, ал оның қарсыласы сегізінші рет жеңіліп отыр.
Сурет: allfight.ru