Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 402 адам болды. 27 адам дерттен айықты. Үш адам Covid-19 дертінен қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
2 сәуірде Қарағандыда алты адамға коронавирус жұққаны анықталды. Науқастардың арасында Теміртауда нотариусте жұмыс істеген жақында вирустан қайтыс болған ер адамның туыстары да бар.
Биліктің хабарлауынша, марқұммен шамамен 200 адам байланыста болған: 54 адам провизорлық карантинге жатқызылған, 150 адам – үй карантинінде. 2 сәуір күнгі дерек бойынша, Қарағандыда 21 адамнан вирус табылған.
Бұдан бөлек 2 сәуірдегі таңертеңгі мәлімет бойынша он одамнан коронавирус табылды: Нұр-Сұлтанда – 7, Атырау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1.
Науқастардың жалпы саны 402-ге жетті:
- Нұр-Сұлтанда – 191 адам
- Алматыда – 90 адам
- Қарағандыда – 21 адам
- Атырау облысында – 18 адам
- Ақмола облысында – 19 адам
- Алматы облысында – 9 адам
- Қызылорда облысында – 25 адам
- Жамбыл облысында – 5 адам
- Шымкентте – 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
- Ақтөбе облысында – 4 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында – 6 адам
- Павлодар облысында – 1 адам
- Маңғыстау облысында – 1 адам
- Түркістан облысында – 5 адам.