Қазақстанда вирус жұқтырғандар соңғы мәлімет бойынша – 1179 адам болды. 138 адам сауығып, 14 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі 14 сәуір 11.00 – де Қазақстанда 88 адамнан коронавирус инфекциясы табылғанын хабарлады. Оның негізгі бөлігі Алматы қаласында – 75 адам.
Қалғандары: Қарағанды облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Түркістан облысында – 1, Атырау облысында – 1, Жамбыл облысында 3 адам.
Әлемде Covid-19 коронавирусы 1,9 миллионнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 119 мыңнан асты. 447 мыңнан астам адам дерттен айықты.