Қазіргі уақытта еліміздегі күнделікті маска өндірісінің көлемі 604 мың дананы құрайды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Хабар24» арнасына сілтеме жасап.
Енді өндіріс көлемі тәулігіне 1 млн данаға дейін артады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте мәлімдеді.
«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында вирусты жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдарға тегін тарату ұйымдастырылады», – деді министр.