Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстанда нанның бағасы өңірлік тұрақтандыру қорларының арқасында өзгермейді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputniкnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
«Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» іске қосылады», – деді Сапаров брифингте.
Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.
«Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр», – деді Сапаров.