Сейсенбі, Қаңтар 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Денсаулық

Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау заңмен міндеттеледі

Желтоқсан 24, 2019
Денсаулық, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Қазақстанда мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау заңмен міндеттеледі
Поделиться на Facebook

Елімізде қызылша дертінен көз жұмғандардың барлығы дерлік вирусқа қарсы екпе жасамаған болып шықты. Сондықтан енді мектеп жасына дейінгі балаларды вакцинациялау заңмен міндеттеледі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, вакцинациядан бас тартатындар көп жағдайда жалған, негізсіз ақпараттың жетегінде кеткендер.

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Елдің болашақы денсаулығы туралы заңдағы кодекске енгізілетін түзету 6 рет қоғамдық талқылаудан өтіп, 43 мемлекеттік мекеме түзету ұсынған.

Осы кодекс трансплантация мен вакцинацияның төңірегінде әңгіме өрбіткен кешегі жиында тағы талқыға түсті. Денсаулық министрімен кездесуге келген халықтың арасынан бір келіншек сөз алды. Ол екпенің пайдасын көрем деп, баласынан айрылған ана.

– Мен міндетті екпеге түбегейлі қарсымын. Қазіргі уақытта бұл ұстанымымды барлық жерде айтып, халықаралық сарапшылармен байланысқа шығамын. Себебі, біздің шенеуніктер мен ақша қуған дәрігерлерге сенуден қалдым.

Келіншектің шырқырайтын жөні бар. Екі жасар баласы екпеден соң көз жұмған. Шарқ ұрған ананың тауы шағылып, министрдің алдында жағдайын айтудан басқа лажы қалмапты. Алайда министр Біртанов «бізбен байланысқа шығып, хат жолдаңыз» дегеннен басқа жөнді жауап қата алмай, ақталған кейіпте әңгімелерін вакцинацияның пайдасы жағына ойыстырып жіберді. Келтірілген деректерге сенсек, биылға 21 вирусқа қарсы екпе жасауға 26 миллиард теңге бөлінген.

«Әрбір көтерілген мәселе – маңызды. Бұл жай мәселе емес. Бізге де, осы бүгінгі жиналысқа қатысып отырған әріптестерімізге, парламент депутаттарына. Бұл елдің денсаулығын арттыруға атқарылып жатқан жұмыс. Бұл жай заң емес, бұл елдің болашақ денсаулығы туралы заң. Мамандардың дерегінше, вакцинациядан бас тартатындар көп жағдайда жалған, негізсіз ақпараттың жетегінде кеткендер», – Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі.

«Екпелерге қатысты теріс көзқарасты қалыптастырудың өзі қолдан қасақана жасалған амал», – дейді еліміздің Бас санитар дәрігері.

«Екпеге қарсы компанияға үлкен фармкомпаниялардың тізгінін ұстаған адамдар арнайы тапсырыс береді. Мұндай деректердің халықаралық деңгейде 57 пайызы дәлелденген. Неге десеңіздер, екпенің арқасында талай вирустық дерттің алдын алуға болады. Бұл дәр-дәрмектің саудасы тоқырайды деген сөз», – Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.

Ресми деректер бойынша, қызылша дертінен, биыл 21 адам көз жұмған. Соның 19-на аталған вирусқа қарсы екпе жасалмаған боп шықты. Қызылшадан қайтыс болғандардың басым көпшілігі – балалар. Сондықтан жаңа кодекс бойынша енді мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау міндетті талап болмақ.

Тегтер: вакцинаДенсаулық сақтау министріҚазақстан жаңалықтары
Бөлісу9ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Шымкентте жаңа жылдық безендіру үшін 29 млн теңге бөлінген

Келесі жаңалық

Қарағанды облысында қасқырлар 50-ден аса жылқыны талап кеткен

ҰқсасЖаңалықтар

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
42
Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Әлем

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
159
Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті
Шоу-бизнес

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
107
Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k
«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс
Денсаулық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
59
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Қазақстан

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Қарағанды облысында қасқырлар 50-ден аса жылқыны талап кеткен

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
2k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.2k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
4.8k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
42

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
159

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
107

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
59

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.