Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан көз жұмды. Павлодар облысында 1942 жылы туған әйел бақилық болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі жедел штабқа сілтеме жасап.
«Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан барлығы 73 адам қайтыс болды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 14
- Алматы қаласы – 10
- Шымкент қаласы – 11
- Ақмола облысы – 4
- Атырау облысы – 3
- Шығыс Қазақстан облысы – 1
- Жамбыл облысы – 1
- Батыс Қазақстан облысы – 4
- Қарағанды облысы – 7
- Қостанай облысы – 2
- Маңғыстау облысы – 2
- Павлодар облысы – 11
- Түркістан облысы – 3
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 14 496 адам болды, 9 056, адам дерттен айықты.