Қарағанды облысында науқас коронавирустан көз жұмды Оның жасы 61-де болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі жедел штабқа сілтеме жасап.
«Қарағанды облысында коронавирустан адам өлімі тіркелді. 1958 жылы туған науқас қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстанда індеттен 26 науқас қайтыс болды. Ал COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті.