Алматыда коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 21.30 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 24 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 59 науқас тіркелді», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, тағы 2 науқастың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Яғни бүгінде бұл сан 61-ге жетіп отыр.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда 2 адам және Алматыда 1 адам, Ақтөбеде 1 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Олардың біреуі – 1976 жылы туған шетелдік азамат, Қазақстанға бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екінші адам – 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Алматыда тіркелген 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды .