Қазақстанда коронавирус инфекциясын барлығы 2950 адам жұқтырған (820-cы – медқызметкер). 725 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуір сағат 10.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 90 адамнан коронавирус табылған.
Ресми мәліметке сай, коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғады деп болжайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды. Сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Елде төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған.