Жексенбі, Ақпан 28, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қазақстанда COVID-19 ауруынан 51 медицина қызметкері қайтыс болды

Шілде 17, 2020
Медицина, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Қазақстанда COVID-19 ауруынан 51 медицина қызметкері қайтыс болды

Сурет: Петр Троцтенко

Поделиться на Facebook

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды

Қазақстанда коронавирус індетінен 51 медицина қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 16 шілдеде өткен брифингте тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, 51 әріптесіміз қайтыс болды. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын» деді Сұлтанғазиев.

Азаттықтың «марқұмдардың қаншасы коронавирустан, қаншасы пневмониядан қайтыс болды?» деген сауалына Тимур Сұлтанғазиев «бұл марқұмдардың барлығы коронавирустан көз жұмған деп саналады» деп, қысқа ғана жауап берді.

Коронавирус індеті Қазақстанға келгелі аурумен күрескен медицина қызметкерлерінің өздері инфекция жұқтырып, үлкен дауға айналған. Алматы қаласы №12 клиникалық ауруханасында дәрігерлер жаппай COVID-19 инфекциясын жұқтырып, аурухананың өзі карантинге жабылды.

Сұлтанғазиев эпидемия басталғалы қанша медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын және ауру салдарынан қайтыс болған қанша қызметкердің туыстарына үкімет уәде еткен 10 миллион теңге өтемақы төленгенін айта алмады.

Соңғы рет 18 маусым күні денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 1904 медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтқан. Бұл сол кездегі расталған коронавирус жағдайларының 12 пайызын құраған.

Эпидемия басталғанда Қазақстан үкіметі қызметі барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медқызметкерге 2 миллион теңге, коронавируспен күресіп, өзі сол індеттен қайтыс болған медқызметкерге 10 миллион теңге төлейтінін хабарлаған.

13 шілде күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспенк күресте қайтыс болған 42 медицина қызметкерін түрлі мемлекеттік атақпен марапаттаған болатын.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 65 188 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 39 мыңнан астамы жазылып шыққан, 396-сы қайтыс болған.

Одан бөлек коронавирус жұқтырып қайтыс болған, бірақ денсаулық министрлігі «өлімінің себебі өзге» деген адамдардың бөлек тізімі бар. Соңғы рет 2 шілде күні жаңарған ол тізімде 101 адам болған. 16 шілдедегі брифингте Азаттық тілшісі Тимур Сұлтанғазиевтан тізімнің қанша адамға артқанын сұрады. Денсаулық министрлігі атынан сөйлеген шенеунік жауап бере алмады.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қарағандылық әйел жоқ пәтерді 39 рет жалға берген

Келесі жаңалық

«Біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек»: Алты жасар бала қарындасын қабаған иттен құтқарып қалды

ҰқсасЖаңалықтар

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.6k
БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды
Басты жаңалықтар

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды

Ақпан 26, 2021
71
Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген
Әлем

Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген

Ақпан 26, 2021
99
Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады
Басты жаңалықтар

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады

Ақпан 26, 2021
181
Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған
Басты жаңалықтар

Павлодарда еркек 13 жасар қызды біреумен шатастырып тепкілеп тастаған

Ақпан 26, 2021
5
Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді
Қазақстан

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
37
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек»: Алты жасар бала қарындасын қабаған иттен құтқарып қалды

"Біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек": Алты жасар бала қарындасын қабаған иттен құтқарып қалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.6k
Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын
Қазақстан

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
1.1k
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
3.9k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.9k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.6k

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды

Ақпан 26, 2021
71

Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген

Ақпан 26, 2021
99

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады

Ақпан 26, 2021
181

Павлодарда еркек 13 жасар қызды біреумен шатастырып тепкілеп тастаған

Ақпан 26, 2021
5

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
37
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.