Бейсенбі, Қаңтар 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Білім

Қазақстанда «Болашақ» оқу бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді

Мамыр 13, 2020
Білім, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Қазақстанда «Болашақ» оқу бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді

Сурет: Stan.kz сайтынан

Поделиться на Facebook

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері барлығына бірдей мүмкіндіктер ұсынады. Барлық квоталық санаттар алынып тасталды.

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Осы жылдан бастап «Болашақ» стипендиясының конкурсына ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақыртуға ие талапкерлер ғана қатыса алады. Өзгерістер ең алдымен «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді конкурстық іріктеу процесіне, сондай-ақ конкурсқа қатысудың бастапқы талаптарына қатысты.

Конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылды, атап айтқанда уәждемелік пен ұсыныс хаттарды бағалаудың іріктеу кезеңдері, сонымен қатар мемлекеттік және шет тілдерін білуге арналған кезеңдер алынып тасталды. Үміткерлер өздігінен тест тапсырып, құжат өткізген кезде мемлекеттік тілді білу туралы сертификаттарын ұсынуы керек. Ауылдық жерлерден келген үміткерлер қосымша шет тілін білу туралы сертификаттарды ұсынады.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған сынақ Ұлттық тестілеу орталығының аймақтық филиалдарында өткізіледі.

Іріктеу кезеңдері мыналарды қамтиды:

1-кезең: Интеллектуалды қабілет деңгейін, жеке және іскерлік қабілеттерін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын кешенді тест;

2-кезең: Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат;

3-кезең: Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы.

Айта кетерлігі, жаңа ережеде алдын-ала тілдік оқыту алынып тасталды. Ол тек ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін сақталады және 6 ай мерзімі ішінде ағылшын тілін үйрену Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелеріне сәйкес, ауылдық елді мекендерден қатысатын үміткерлер тек соңғы 3 жыл ішінде ауылдық жерлерде тұрып және оның 2 жылын жұмыс істеуге арнаған жағдайда ғана конкурсқа қатыса алады.

Басымдық берілген мамандықтар тізбесі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы жасалады.

2020 жылға арналған «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарына ұсынынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың және тілдік курстар тізімінің жобасы қазір келісілу үстінде. Әлемнің жетекші университеттері тізімінің жобасы мынадай халықаралық академиялық рейтингтер бойынша анықталады: QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking.

Сонымен қатар, Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының (ТСК) құрамы мен жұмыс регламентіне өзгерістер енгізілуде. Комиссия жұмысын қатаң реттей отырып, оның ашықтығын барынша күшейту жоспарлануда.
«Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау және стипендия тағайындау конкурсын өткізу мерзімі құжаттарды қабылдау уақытынан 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Мұны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның 26 жылы ішінде 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде түрлі салаларда 10 747 маман оқытылды.

Бөлісу4ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

АҚШ-та науқасты қорғаныш киімінсіз құтқарған медбике қайтыс болды

Келесі жаңалық

Алматыда екі ұры түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
9
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
8
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
36
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
168
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
8
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
267
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматыда екі ұры түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

Алматыда екі ұры түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.7k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.5k
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
2.4k
«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
593

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
9

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
8

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
36

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
168

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
8

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
267
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.