Жексенбі, Сәуір 18, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Тапқан ақшаң дымға жетпейді»: Қазақстандықтар азық-түліктің күрт қымбаттауына ашуланды

Тамыз 21, 2019
Қазақстан, Қоғам
«Тапқан ақшаң дымға жетпейді»: Қазақстандықтар азық-түліктің күрт қымбаттауына ашуланды
Поделиться на Facebook

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да өсіп келеді. Әсіресе жұрт күнделікті тұтынып отырған көкөністер мен ет, ұн өнімдері шарықтап кеткен. Мұны үкiмет отырысында ұлттық экономика министрi Руслан Дəленовтің өзі айтты. Одан қалды қазақстандықтардың орташа жалақы көлемі артқанымен, тауар сатып алу мүмкіндігі нашарлап барады. Осы себепті премьер-министр азық-түлік бағасын бақылай алмаған әкімдерге шүйлікті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жиын терін уақыты жақындап қалса да, әлі күнге дейін жұрт жиі тұтынатын көкөністердің бағасы қымбат болып отыр. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бағаның өсуіне өндірістің реттелмеуі, тиімсіз делдалды, алып-сатарларды кінәлайды.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында келесі өнімдердің бағасы өскені байқалады:

  • пияз – 79,0%;
  • сәбіз – 59,3%;
  • картоп 32,9%;
  • күріш – 23,8%;
  • бірінші сұрыпты ұн – 15,3%.

Осылайша әлеуметтік маңызы бар 19 өнім бойынша айтарлықтай қамбатшылық байқалған. Өсім көлемі шамамен 9 процентті құрайды. Бірақ әр өңірде көрсеткіш әрқалай. Мәселен, Жезқазған қаласында 11,8%, Талдықорғанда 10,4% процентке өскен. Ал елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тіпті 15 процентке қымбаттап көш бастаған. Шарықтаған бағаның қалтаны қағып жатқанын бас қаланың тұрғындары да мойындайды.

«Базарға 5-6 мың теңге алып келесің, алған затың дымға жетпейді. Азық-түлік жағынан ваще қиын. Күнкөріс деген қиын. Алып отырған айлығымыз жетпейді», «Әрине, қымбат. Былтыр картоптың, пияздың бағасы әлдеқайда арзан еді. Биыл тіпті ұшып тұр», «Қазақстанда болған соң, барлығы арзан болса екен дейміз. Кішкене қымбаттап жатыр. Оны да сезініп жатырмыз. Күнделікті қажетті зат болған соң амал жоқ аласың» дейді қала тұрғындары.

«Біз барлық жерде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн бағасының елеулі өскенін байқап отырмыз. Бағаның өсуіне өндірістің реттелмеуі, тиімсіз делдалдың тым көптігі, азық-түлікті сақтау шартының орындалмауы және тұтынушыға дейін кепілдендірілген жеткізу арналарының жоқтығы себеп болып тұр», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақытжан Сұлтанов.

Ал үкімет басшысы әуелі министрлерді, сосын әр өңірдің басшыларын тыңдады. Сосын облыс әкімдерін азық-түлік бағасының тым жоғарылап кеткені үшін сынға алды.

«Бұл мәселеге мемлекет басшысы үлкен мән береді. Есептерге сай, кейбір азық-түліктердің бағасы өсіп бара жатыр. Бұл дегеніміз, біріншіден, әкімдіктер тарапынан іске асырылатын шаралар тапшылығын айқындайды», – деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

Осыдан кейін Асқар Мамин үкімет 10 негізгі азық-түлік өнімінің бағасын ұстап тұру үшін барын салатынын айтты. Оған жауапты экономика министрлігі ол тауарлардың бағасын қатаң бақылауға алмақ. Оның ішінде сиыр еті, қой еті, картоп, пияз, ұн және нан бар.

«Бағаларды ұстап тұру үшін жаңа құралдар әзірленді. Енді нақты 10 негізгі азық-түлік бойынша күшейтілген бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр», деді ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды азық-түлік бағасын бақылауға тартуды ұсынып отыр. Яғни кез келген азамат тауардың бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының статистикасы жинақталатын арнайы порталға жібере алады. Бұл жүйе арқылы дүкендердегі тауарлардың құнын онлайн режимде бақылауға болады. Егер үкімет бұл ұсынысты қолдаса, министрлік өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, жүйені қысқа мерзімде енгізуге дайын екен.

Бөлісу1ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Ақшаға белшеден батасың деді»: Оңтүстік Кореяға барған қазақтар әуежайдан әрі аса алмай қор болды

Келесі жаңалық

Даудың басы – әкімдіктің сертификаты: Ата-аналар мектепке қажеттілер қымбат деп ренжіді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
926
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
886
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
60
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
414
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Даудың басы – әкімдіктің сертификаты: Ата-аналар мектепке қажеттілер қымбат деп ренжіді

Даудың басы - әкімдіктің сертификаты: Ата-аналар мектепке қажеттілер қымбат деп ренжіді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
886
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
926

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
60
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.