Қазақстанда сотталған 4 педофилге кастрация жасалып жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, кастрация сот шешімі бойынша жүзеге асып жатыр.
«Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Шымкент қалаларындағы ҚАЖ мекемелерінде төрт сотталушыға аумақтық денсаулық сақтау органының медицина қызметкерлері тексергеннен кейін химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу қолданылады», – делінген хабарламада.
Құқықтық статистика комитетінің ақпараты бойынша, елде екі жыл ішінде 15 адамға қатысты химиялық кастрация түріндегі үкімі шығарылып, заңды күшіне енген.
Еске сала кетейік, сотталған 11 педофилдің екеуіне кастрация жасалғаны туралы жаздық.