Бейсенбі, Сәуір 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қазақстан жыл сайын халықаралық соттарға 11-12 млрд жұмсайды

Желтоқсан 2, 2020
Ақша, Әлем, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Саясат, Экономика
Депутат қазақстандықтардың несиелерін кешіруді ұсынды
Поделиться на Facebook

Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев Азаттықтың Қазақстан халықаралық соттарға қанша қаржы жұмсайды деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

«Шамамен 12-13 миллиард теңге (31 млн доллар шамасында) жұмсайтыны есімде. Келісім шарттардың көбі доллар я еурода, себебі кеңесшілердің көбі доллар не еуромен есептесетін компанияларда жұмыс істейді», – деді Бекетаев.

Министр Қазақстанды сотқа берген молдовалық бизнесмендер Анатол және Габриэль Стати ісіне қанша қаржы жұмсағанын ашып айтпады. Бекетаев Қазақстан «кеңесшілермен келісім құпиясын сақтау туралы» сөз байласқанын, бірақ сот шығындарының да «лимиті барын» айтты.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Шағым сомасының он пайыздан аз қаржысын заңгер алса тиімді болмақ. Мысалы, 100 миллион доллар өтеу туралы шағым түссе, ал заңгердің ақысы 10 миллион доллар болса шығын болып есептелмек. Ал шығын он пайыздан аз болса келісім тиімді болды деген сөз. Әділет министрлігі қойылған лимиттен аспайды», – деді Бекетаев.

Стати Қазақстаннан төрт миллиард доллар талап еткен. Тілші министрден осы талаптың он пайызы заңгер шығыны деп есептеуге бола ма деп сұрады. Бекетаев бұл сауалға «солай» деген ишарамен жауап берді.

2017 жылы желтоқсанда Bank of New York Mellon Қазақстанның ұлттық қорының 22 миллиард долларын бұғаттаған. 2018 жылы маусымда әділет министрлігі 21 миллиард долларды бұғаттан босатып алғанын мәлімдеген. Қазірге дейін Атырау облысындағы мұнай кеніші KMG Kashagan B.V. компаниясының 5,2 миллиард доллар акциясы әлі бұғатта жатыр.

Анатол Стати шығарылған шешім KMG Kashagan B.V компаниясының бұғатталған акциясын сатуға мәжбүрлейді деген. Ал министр Бекетаевтың сөзінше, Стати Қазақстанға тиесілі компанияны сата алмайды, себебі биыл желтоқсан басында Нидерланд сотында акцияны бұғаттау қаншалықты заңды болғаны қаралады.

«Бұл процесс енді ғана басталды. Болжауымызша, процесс 2-3 жылға созылады. Бұл істе Қазақстанның позициясы өте мықты деп ойлаймын… Бұл процесте біз жеңетінімізге сенімдімін. Стати бұл процесте неден үміттенеді? Бұл істі шулатып, қысыммен қандай да бір қаржы алып қалам ба деп үміттенер. Олай болмайды, бұған сенімдімін», – деді Бекетаев.

Министр Бекетаев Статимен істі жалғастыру және заңгерлерге шығынды «Қазақстанның сигналы» деп түсіндірді.

«Бізге нақты сигнал беру керек. Қазақстанда келіп, инвестиция құйғандай болып, бірақ қаржы салмай, кейін мемлекеттен ақша талап ету деген болмайды. Стати арбитраж сотында газ өңдеу зауытына 230 миллион доллар жұмсадым десе, іс жүзінде 180 миллион долларды офшорға шығарып, осы қаржыны Қазақстаннан өндіріп алмақ. Біздің жауабымыз бір: бұл ақшаны ол алмайды», – деді министр.

Статидің Қазақстанға қарсы түсірген шағымы 2013 жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстан билігі арбитраж сотының 506 миллион доллар шығынды өтеу туралы шешімге қарсы шағым түсірген.

Стати Қазақстан билігімен 1999 жылдан бері таныс. LSM дерегінше, Стати құрған Tristan Oil Ltd офшор компаниясы Қазақстанның Tolknynneftegaz және Kazpolmunay компаниясын сатып алған.

Tristan Oil арқылы Боранкөл және Толқын мұнай-газ кенішін игерген. 2008 жылы Қазақстан Tolknynneftegaz және Kazpolmunay тексере келе Стати салық заңын бұзды деп айыптаған. Боранкөл және Толқын мұнай-газ кеніші «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына өткен.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әйелін сабап памперс жегізген еркек 6 жылға сотталды

Келесі жаңалық

Қайрат Нұртастың өкілі «әнші есірткі тұтынады» деген қауесетке жауап берді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
378
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қайрат Нұртастың өкілі «әнші есірткі тұтынады» деген қауесетке жауап берді

Қайрат Нұртастың өкілі "әнші есірткі тұтынады" деген қауесетке жауап берді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
943
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.