Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 млрд теңгесін бөліп отыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кету керек, Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонына ең үлкен орындардың бірі бөлінген. Оның ауданы 3 420 шаршы метр.