Жұма, Ақпан 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қазақстан байлығының тең жартысы 162-ақ адамға тиесілі

Қыркүйек 22, 2019
Ақша, Аналитика, Бизнес, Қазақстан
Қазақстан байлығының тең жартысы 162-ақ адамға тиесілі
Поделиться на Facebook

Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында. Кейбірінің табысы жылына 3 млрд долларға дейін жетеді. Елде элитаның болғаны дұрыс қой, бірақ сарапшылар бай мен кедейдің арасындағы алшақтық өте қауіпті, дейді. Сол сарапшылар Қазақстан байлығының жартысына иелік етіп, дәулетке шаш етектен кенелгендерді шетелдік олигархтармен де салыстырып көрді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

KPMG есебінен алынған дерек бойынша, 12 085 857 адамның 96,6 проценті (11 711 334 адам) жылына 10 мың доллардан аз. 2,7 проценті (326 322 адам) жылына 10 мың мен 100 мың доллар арасында. 0,35 проценті (42 301 адам) жылына 100 мың доллардан миллион долларға дейін табыс табады. 0,001 проценті немесе 162 адам жалпы байлықтың 55 пайызына ие.
Олардың ішінде 112 адам жылына 80 млн долларға дейін табыс табады. 45-і 800 млн доларға дейін, 2-3 адам 2-3 млрд долларға дейін табады.

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Зерттеуді әлемдегі беделді компаниялардың бірі жүргізген. Олар аудит пен консалтинг қызметтерін ұсынады екен. Мәліметтеріне қарағанда елдегі бар байлықтың жартысы 160 адамның қолында. Нақты есімдерін байқамадық есептен. Тек посткеңестік елдерге тән құбылыс екенін оқып қалдық. Оны ғаламторды аралай келіп, кейбір мақалалардан да көруге болады.

«Ресей халқының 10 проценті елдегі барлық байлықтың 65 процентіне иелік етіп отыр. Бар байлықтың жартысы халықтың небәрі 1 процентінің қолында», – деді әлеуметтанушы Григорий Юдин znak.com порталына берген сұхбатында.

Бізде 0,001 болса, теріскейдегі көршіміз Ресейдің жарты байлығы 1 проценттің қолында. Тағы сол есепте елімізде орта таптың мүлде аз екені жазылған. Оның экономикаға келтірер кедергісі бары көрсетілді. Жылына 1 млн долларлық табыспен мақтана алатын адамдардың үлесі елімізде 3 процентке жетеғабыл. Дамыған АҚШ пен Ұлыбританияда ол 70 проценттің үстінде. Бағамдай беріңіз. Біздегі алшақтық өте қауіпті екенін экономистер айтуда. Олигархтарды қаржыны шет асырмай, елге инвестициялауға шақыруда.

«Халықтың арқасында халықтың байлығының арқасында осындай дәрежеге жеткен олигархтар ең бірінші кезекте тапқан табыстарының кем дегенде 60-70 пайызын өзінің отанына Қазақстанға салғанда ғана біз жаңағындай қайшылықтардың туындауының алдын ала аламыз. Әйтпесе ол бір күн болмаса, бір күні үлкен әлеуметтік жарылысқа әкеледі деп айтуға болады», – дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Есепте байлардың есімі көрсетілмеген деп едік. Бай десе бірден форбс тізімі еске түседі емес пе? 4 ай бұрын шыққан елдің ең ауқатты елу тұлғасы тізіміне зер салайық. 2019 жылғы рейтинг бойынша, бірінші орында металл өндірісі мен қаржы саласында кәсіп дөңгелетіп жүрген Владимир Ким. Капиталы 4 млрд 500 млн долларға бағалануда.

Екінші орында бірнеше банкте, мобильді оператор компанияларында акциялары бар, бірнеше бизнес орталықтардың иесі Болат Өтемұратов. Капиталы 3 млрд 400 млн доллар. Үшінші және төртінші орында Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева тұр. Бірнеше бизнес орталықтар, Холдинктік компаниялары бар жұптың әрқайсысы 3 млрд 100 млн долларлық капиталға ие.
Бесінші орында Алиджан Ибрагимов. Негізгі кәсібі металл өндірісімен байланысты. Капиталы 2 млрд 300 млн долларға бағаланған.

Алғашқы бестіктен кейінгі тұлғалардың капиталы 1 млрд долларға жетпейді. Олардың арасында Рашид Сәрсенов, Нұрлан Смағұлов, Кеңес Рақышев, Қайрат Боранбаевтар бар.
Экономист Бауыржан Ысқақовтың сөзінше, шетелдік олигархтар қайырымдылық шаралар немесе жұмыс орындарын ашу арқылы ел арасында жағымды имидж қалыптастырады. Ал біздегі кей бай-бағландар инвестиция құймақ түгілі коммуналдық ақы, салық сияқты төлемдерден жалтарады я болмаса тойда айфоннан шашу шашады.

Бөлісу30ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Шет-шетінен нокдаунға жіберді: Қазақ баласы әлем чемпионатында алтын алды (видео)

Келесі жаңалық

Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді

ҰқсасЖаңалықтар

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді
Қазақстан

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
26
Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын
Қазақстан

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
850
«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды
Қазақстан

«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды

Ақпан 25, 2021
180
Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған
Басты жаңалықтар

Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған

Ақпан 25, 2021
37
Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді
Басты жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Ақпан 25, 2021
5
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Басты жаңалықтар

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Ақпан 25, 2021
0
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді

Енді дүкендерде целлофан пакет тегін берілмейді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын
Қазақстан

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
850
Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген
Әлем

Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген

Ақпан 25, 2021
246
«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды
Қазақстан

«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды

Ақпан 25, 2021
180
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.7k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
26

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
850

«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды

Ақпан 25, 2021
180

Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған

Ақпан 25, 2021
37

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Ақпан 25, 2021
5

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Ақпан 25, 2021
0
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.