Шетелдік басылым құрлықтағы хоккей лигасындағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімін жариялады. Аталған рейтингте «Барыс» капитаны Даррен Диц те бар, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымының мәліметінше, қазақстандық клубтың мүшесі бір жылда 420,5 млн теңге табыс табады.
Жоғары жалақы төленетін ойыншылар тізімін Мәскеудің «Динамосы» шабуылшысы Вадим Шипачев бастап тұр, ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) алады.
27 жастағы Даррен Диц – Қазақстанда ойнайтын канадалық хоккейші, «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.