Жұма, Сәуір 16, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Өмір
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Фотоколлаж: QT

Поделиться на Facebook

Әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап еткен бір топ астана әкімдігінде бір апта бойы түнеп келеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі The Qazaq Times сайтына сілтеме жасап.

Көп балалы, мүгедек баласы бар, жалғызбасты аналар жеті күннен бері елорда әкімі Көлгінов пен жаңадан сайланған Мәжілістің VII шақырылым депутаттары алдына шықпаған соң Қазақстанның алдыңғы және қазіргі президенттері Назарбаев және Тоқаевқа үндеу жасады. Әкімдікті уақытша тұрақ еткендер негізгі үш талабы барын айтады.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Олар:  «Ана мен бала капиталы» ретінде отбасына табысына қарамай әр балаға 42,5 мың теңге тағайындау, Конституция бойынша (25-бап) әлеуметтік осал топ отбасыларын баспана-тұрғын үймен қамту және «халық ызасын тудырған дәстүрлі-ұлттық мәдениетке қайшы» бала құқығы туралы заң жобасын («Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы – QT) қаралымнан алып тастау. Бүгінгі таңға дейін Үкімет не Парламенттен лауазымды шенеуніктердің бірде-бірі аналардың алдына шықпаған. Дүйсенбі-жұма күндері аралығында әкім кеңесшілері мен атқарушы мамандар мәмілеге келуге тырысқан. Алайда  «құрғақ уәде қажытқанын» айтып, жазбаша өтініш жазудан «еш қайыр жоғын» алға тартқан аналар мәселеге Ақорда-Кітапхананың, заң шығарушы орган мен үкімет құрамының назарын аудартуды көздейді. Наразы әйелдердің айтуынша, әкімдік қызметкерлері оларға ғимаратта дезинфекция жүретінін айтып, үйіне қайту керегін ескерткен.

Сондай-ақ, акция қатысушылары ұялы телефондарын тыңдауға және туыстарына ескерту мәніндегі қоңырауың жиілегеніне қарсы. Астана әкімдігіндегі наразы аналардың Назарбаев пен Тоқаевқа жазған ашық хаты. Фото: Facebook Осы жұмада оппозициялық ұйымдардың 28 ақпанға жоспарланған митингілері қарсаңында бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев әдетінше шараны заңсыз деп атап, жұртты наразылыққа шықпауға шақырды. Ол  мәлімдемесінде «әлеуметтік желіде жекелеген адамдар елдің әр аймағында заңсыз митингіге шақырып жатыр» деді. Дембаев 2020 жылы 25 мамырда Қазақстанда «Бейбіт митинг туралы» жаңа заң қабылданғанын, бұл заңға сай ұйымдастырушылар жергілікті әкімдікке алдын ала ескертуі тиіс екенін айтады. Дегенмен билік Қазақстанның әр аймағындағы белсенділердің жексенбіде митинг өткізу мақсатымен әкімдіктерге берген өтінішіне Орал қаласынан өзге өңірлер «рұқсат етпеген».

Бас прокурордың орынбасары Дембаев 28 ақпанда өтуі ықтимал митингіге қатысатындар заңға сай жауапқа тартылатынын айтып, ескерту жасады. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі митинг орны ретінде жарияланған  жерлердегі аялдамаларда 28 ақпанда жөндеу жұмыстары болатынын, сол маңдарда қоғамдық көліктер жүрмейтінін хабарлады. Бұған дейін құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған, 2016 жылғы Жер митингісінен кейін бес жылға сотталып, биыл ақпанда қамаудан шыққан белсенді Макс Боқаев 28 ақпанда митингіге шығатынын мәлімдеген.

Осыдан соң қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер, сот қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов (сағ. 13.00-ге) пен «Демпартия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай (сағ. 12.00-ге) жұртты митингіге шақырған. Екі топ та биліктен саяси тұтқындарды босатуды, баспана мәселесін шешуді, Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқығына қатысты қабылдаған қарарындағы талаптарды орындауды талап етуге үндейді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Келесі жаңалық

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
867
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
827
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
973
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
384
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
973
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
827
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
867

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.