«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бірлесіп жұмыс жасайтын мердігер компанияның жұмысшысы тіреуіштерді бөлшектеу кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмды деп хабарлайды деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.
44 жастағы Талғат Алкенов Жезқазғандағы №1 байыту фабрикасы мен №2 зауытқа бекітілген «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС асхана ғимаратының ағаш құрылыс материалдарын бөлшектеу жұмыстарымен айналысқан.
Төтенше жағдайдың мән-жайын «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшылығы құрған мемлекеттік комиссия нақтылайды.