Сейсенбі, Қаңтар 19, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ

Шілде 8, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ
Поделиться на Facebook

Таяуда АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қазақ тілінде радиостанцияның тұсауы кесілмек. Бұл жобаның авторы – алматылық Данияр Кожан. Ол қазір Нью-Йоркте тұрып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Даниярмен сөйлесіп, АҚШ-тағы өмірі мен қазақ тіліндегі радиостанция туралы сұрап білді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

«АҚШ-қа алғаш рет анаммен келдім»

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарып келеді

Данияр Кожан 1987 жылы Алматы қаласында туған. Сондаңы №117 мектепті тәмамдаған. Сондай-ақ, Алматыдағы бұрынғы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алғанын айтады.

Даниярдың айтуынша, ол еңбек жолын Алматы қаласында бастаған. Еліміздегі ALASH PRIDE клубының алғашқы турнирін ұйымдастырып, кейін UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Қазақстандағы ресми өкілі ретінде жұмыс істепті.

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ 1

Өзінің айтуынша, кезінде оның ұйымдастырушылық қабілетін бірінші байқаған әнші, продюссер Қыдырәлі Болманов екен.

«16 жасымда өмірім түбегейлі өзгерді. Өйткені, Қыдырәлі Болмановпен таныстым. Ол кісі маған сеніп, қарапайым қазақ баланы қасына ертіп алып, біраз нәрсені үйретіп, мені көмекші етіп жұмысқа алды. Ол кісі қалалық әкімшіліктің мәдениет басқармасында қызмет атқарды. Ол кезде Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкім еді. Сөйтіп мен «Ұлытау» тобының, Қыдырәлі мен Қарақаттың және Нұржан Қалжан деген әншінің әкімшісі болып жұмыс істедім. Осылайша 2005-2007 жылдары менің уақытым керемет әрі қызық өтті», – дейді Данияр.

Алғашқыда АҚШ-қа саяхаттап барған отандасымыз кейін Нью-Йорк штатына жұмысқа тұрады.

«Алғаш рет осыдан үш жыл бұрын АҚШ-қа анаммен келдім. Содан кейін жылына екі рет АҚШ-қа барып тұратын болдым. Қазір осы елде тұрақтап қалдым. Мені Нью-Йорк қаласындағы адвокаттар кеңсесіне PR-менеджер ретінде жұмысқа шақырды. Ballon Stoll Bader – өте танымал компания. 1931 жылдан бастап жұмыс істейді. Азаматтығымды өзгертпедім, Қазақстан азаматымын. Бірақ Алматы мен Нью-Йорк қаласында тұрамын», – дейді Данияр Кожан.

«Қазақстан мен АҚШ халқы екі бөлек»

Бүгінде екі елді мекен етіп жүрген Данияр Қазақстан мен АҚШ халқының менталитетін салыстырды.

«Қазақстан мен АҚШ халқы екі бөлек. АҚШ, расында, дамыған мемлекет қой. Әлемдегі аяққа тұрған бірінші держава деп айтсақ та болады. Халқының көзі ашық. Сондай тәртіпті адамдар да бұл жерде. Сіз біреуді қағып немесе тиіп кетсеңіз, өздері кешірім сұрайды. Соған әрқашан таңғаламын. Адамдар бір-біріне күліп тұрады. Сіз бір нәрсені түсінбей тұрсаңыз, әрқашан көмектесуге дайын. Тіл білмей тұрсаңыз да көмекке келеді. Халық та, полиция қызметкерлері де заңды қатты құрметтейді. Жүздері жайнап тұрады, күліп жүреді», – дейді ол.

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ 2
Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязовпен бірге 

Сондай-ақ, сұхбат барысында Данияр Кожан АҚШ-тағы карантин шаралары мен қара нәсілділердің көтерілісі туралы айтып өтті.

«АҚШ-тағы карантиннің Қазақстандағы шектеулерге қарағанда ерекшелігі бар. Халық арақашықтық сақтауы керек, жабық ғимараттарда маска тағуы керек дегендей… Бірақ көшеге шығуға сізге тыйым салынбайды. Біз карантиннің бірінші күнінен бастап еш кедергісіз далаға шығып, таза ауа жұтып, мұхитқа барып, саябақтарда серуендеп жүрдік. Қазір 1 шілдеден бастап барлық жер ашылды. Қазір карантин де, вирус та ұмытыла бастады. Себебі Джордж Флойдтың өліміне қатысты көтерілістер бәрін басып тастады. Қазір қара нәсілділердің де митингі басылды. АҚШ-та бәрі ақырындап ретке келе бастады», – дейді Данияр.

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ 3

«Мақсатым – қазақ тілін, Қазақстан мемлекетін насихаттау»

Данияр Кожан енді алпауыт АҚШ-та «Азия дауысы» атты ана тіліндегі радиостанцияны іске қосып, Қазақстан туралы тікелей эфирде хабар таратуды жоспарлап отырғанын айтады.

«Нью-Йоркте әр түрлі тілде радиостанциялар бар. Мексикан, ағылшын тілінде, орыс тілінде және өзбек тілінде де хабар таратылады. Соған байланысты мен Freedom атты орыс радиостанциясымен бірігіп, қазақ радиостанциясын ашуды қолға алдым. Орыс радиостанциясындағы продюсерлердің бірі – Лев Трахтанберг. Кезінде ол кісі Ресейдегі танымал радиожүргізушілердің бірі болған. Оған идея қатты ұнады. Жалпы, қазақ тіліндегі радиостанцияның мақсаты – бірінші қазақ тілін, Қазақстан мемлекетін насихаттау. Осындай мемлекеттің барын әлем халқына жеткізу», – дейді АҚШ-тағы отандасымыз.

Қазақ баласы АҚШ-та ана тілінде радиохабар таратпақ 4

Бүгінде Данияр Кожан қазақ тіліндегі радиостанцияның соңғы жұмыстарын пысықтап жатыр. Таяуда тың жобаның тұсаукесер рәсімі ресми түрде өтеді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев коронавирустың өршуіне кім кінәлі екенін айтты

Келесі жаңалық

Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады

ҰқсасЖаңалықтар

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
159
Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарып келеді
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарып келеді

Қаңтар 19, 2021
162
Суданда корольді сынаған әйел 87 жылға сотталды
Әлем

Суданда корольді сынаған әйел 87 жылға сотталды

Қаңтар 19, 2021
85
Атырауда «шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірген» дәрігерлер ұзақ жылға сотталды
Қылмыс

Атырауда «шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірген» дәрігерлер ұзақ жылға сотталды

Қаңтар 19, 2021
5
«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
354
Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды
Денсаулық

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қаңтар 19, 2021
16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.3k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.3k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
1.1k
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
159

Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарып келеді

Қаңтар 19, 2021
162

Суданда корольді сынаған әйел 87 жылға сотталды

Қаңтар 19, 2021
85

Атырауда «шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірген» дәрігерлер ұзақ жылға сотталды

Қаңтар 19, 2021
5

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
354

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қаңтар 19, 2021
16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.