Кәмшат Жолдыбаева «Gakku Дауысы» фестивалінде Caramel атты жаңа әнің шырқап, көрермендердің сынына ұшырап қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Үнемі халықтың сынына ұшырап жүретін Кәмшат бұл жолы да ел аузында сөз болды. Көрермендер Кәмшаттың биін сынға алып, теріс ой тудырды.
Қазақстандық эстрада жұлдыздарынан ашық-жалаңаш образымен ерекшеленетін әнші «Gakku Дауысы» фестивалінде биылға жаңа әнін шырқады. Сахнада бір топ қызбен би билеп, аяғын көкке көтеріп, айқара ашты. Дәл осы қылығы көптің ызасын келтірді.
«Сахнада жатып талтайғаны несі?», «Осыны да өнер деп жүрміз ғой», «Кәмшатқа бәрі жараса кетеді», «Бидің де естісі бар, есері бар», – десті олар.
2019 жылдың 14 қыркүйегінде Астана алаңында жыл сайынғы GAKKU DAUYSY Қазақстан эстрадасының VI фестивалі өтті. Gakku телеарнасы ұйымдастырған концерт барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің ең жарқын өкілдерін және әртүрлі музыкалық жанрдың өкілдерін бір сахнаға жинады.