Түркістан облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен автобустың жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты ҚР ҚК 348-бабы 4-тармағына сәйкес О. М.-ді кінәлі деп таныды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылады», – делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, хабарламада жәбірленушілер талабының ішінара қанағаттандырылатыны жазылған. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енбеді.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртенді. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бес жолаушы өрт шалған көліктен сыртқа шыға алған. Ал 52 адам оқиға орнында тірідей жанып кетті.