Алматыда мас болған ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 15 желтоқсан күні болған. Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі болды.
Бұл туралы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланған видео сипаттамасында жазылған.
Қыр көрсеткен ер адамның жасы шамамен 40-45 жаста. Мас ер адамды он екі полцией жабылып, автобустың астынан шығарды.