Енді ауыр дертке шалдыққандар шетелде ем қабылдай алады. Ол үшін бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Neonomad.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, отандық клиникаларда қызмет ететін медиктерге көмек көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісу үшін сырттан білікті мамандар шақырылатын болады. Ол үшін 220 млн теңге қарастырылған. Бүгіндері шетелде емделуді қажет ететін Қорға 121 науқастың құжаты тапсырылған. Бірақ соның 30-на отаны Қазақстанда жасау шешімі қабылданған.
«18 жасқа дейінгі балалар арасында елімізде емделген, бірақ оң нәтижесін көрсетпеген жағдайда, біздің білікті, бейінді республикалық клиникалар деңгейіндегі мамандар бірлесе отырып, «осы науқас шет елде емделуді қажет етеді, біз өзіміздің елімізде тиісті көмекті көрсете алмаймыз» деген тұжырымға келген жағдайда осы мәселені қарастырамыз. Ал ересектер үшін арнайы бекітілген аурудың тізбесі бар», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шетелде емделуді ұйымдастыру департаментінің аға менеджері Майра Бейсен.
Жуырда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта Изарильдан келен дәрігер патологиясы бар балаларға ота жасауға кірісті. Джордж Франкель жоспар бойынша бір аптаның ішінде 10-ға жуық операция жасайтын болады. Оның сөзінше, Қазақстанда ауыр операция жасауға барлық жағдай жасалғанын айтады.
«Осы жолы біз өкпе артериясы қолқа тамырынан шыққан балаға операция жасаймыз. Ауру Тетрада Фалло деп аталады. Операция барлық жерде сирек жасалады. Мұндай науқастарға медициналық көмек көрсетілмесе, олар шетінеп кетеді», – дейді Джордж Френкель.