Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Атырауда полиция капитаны жезөкшелерді қорғап келген

Ақпан 8, 2021
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қылмыс, Оқиға
Атырауда полиция капитаны жезөкшелерді қорғап келген

Сурет: https://classpic.ru/

Поделиться на Facebook

Атырау қалалық №2 соты ҚР ҚК-нің 362-бабы («Билік немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша айыпталған Атырау облысы полиция департаментінің қылмыстық істер басқармасының жедел уәкілі Руслан Зұлқашевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» сайты.

Қылмыстық іс құжаттары бойынша, полиция капитаны Зұлқашев кейін ақша сұрап, басқа да талап қою үшін Өзбекстанның екі азаматшасының төлқұжатын және Шымкент қаласы тұрғынының жеке куәлігін заңсыз тәркілеген. Жезөкшелікпен айналысу үшін Атырауға келген 21 жастағы өзбек қызынан әкімшілік хаттаманы жойып, төлқұжатын қайтарып, «қамқорлап» жүру үшін 200 мың теңге пара талап еткен. Сонымен қатар, сотта куәлік берген бастығы Қ.Сыдықовтың сөзіне қарағанда, әкімшілік хаттама толтыру Зұлқашевтің құзыретіне жатпаған, жалпы ол өзінің «жезөкшелікпен күресіп жүргені» туралы басшылыққа хабарламаған. Іс құжаттарына сәйкес, былтыр 21 наурызда Зұлқашев сол қыздың жалдап тұрған пәтерін өз бетімен тінтіп, төлқұжатын көрсетуді талап еткен. Қыз құжаты Дамба ауылындағы бір танысында екенін, оған телефон шалса болатынын айтқан. Бірақ капитан оны алып кетіп, қалалық полиция басқармасының уақытша қамау бөліміне «жауып тастайды».

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Сотта Зұлқашев 2020 жылдың 10 наурызында жәбірленуші жезөкшелікпен айналысып, ұрланған мүлікке иелік етеді деген хабар түскен, сол бойынша оны қолға алдым деп жауап берді.

23 наурызда қыздың танысы уақытша жайғастыру бөліміне оның төлқұжатын алып келді. Қыз босатылды, бірақ төлқұжатын Зұлқашев алып қалған. Оны қайтару үшін одан 200 мың теңге талап еткен. Сол ақшаны капитанға 25 наурызда ПД-дегі өз кабинетінде қолына ұстатты. Қызда тыңдау құрылғысы жоқтығына көз жеткізгеннен кейін, Зұлқашев оған жұмысыңды жалғастыра бер, мен сені «қамқорлап» жүремін деп, өзінің WhatsApp нөмірін берді. Сонымен қатар, ол оны ескертпей жезөкшелікпен айналысқаны үшін ұсталғанын, ал оның барлық әріптестері алдын-ала «ескертіп алып», жұмысқа кірісетінін айтып түсіндірді. Айтпақшы, жәбірленуші Атырауға осындай жолмен ақша табу үшін  2019 жылы келген.

Екінші жәбірленуші – 33 жастағы әйел, ол да Өзбекстаннан. Ол жалдамалы пәтерлерде «массажист» қызметін ұсынып, әлеуметтік желіде хабарландыру берген. 2020 жылы 23 наурызда Зұлқашев клиент ретінде оған телефон шалады. Пәтерге кірген бойда ол полицияда жұмыс істейтінін айтып, төлқұжатын талап еткен. Ол құжат пәтердің иесінде деп жауап береді. Содан кейінгі әңгіме сол баяғы схема бойынша өрбіді: Зұлқашев оны жіберіп, кейін көмектесіп жүру үшін одан 100 мың теңге талап етті. Қыздың қалтасында 25 мың теңгеден басқа ақша жоқ екенін білгенде, Зұлқашев ашуланып, оны уақытша қамау бөліміне алып кетті.

Бұл іске жәбірленуші ретінде қатысқан үшінші адам – біздің қаламызда жезөкшелікпен айналысатын 30 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны. Зұлқашев оған да клиент ретінде телефон шалып, бір кафе маңында кездесуге шақырады. Сол жерден оны қызметтік көлікке отырғызып, ПД-не әкеліп, басқа жезөкшелер туралы ақпарат талап еткен және жәбірленушінің сөзіне қарағанда, бұл оған пайда табу үшін қажет болғанын жасырмаған. Әйел ештеңе айтпағасын, оның жеке куәлігін алып, оған таңертеңге дейін ойлануға уақыт берді, әйтпесе ол оны «жауып тастайды» екен. Бірақ әйел оны қатырды, көп кешікпей, оған «жеке куәлікті өзіңізге қалдырыңыз, мен жаңасын жасатып аламын» деп SMS-хат жазып жібереді де, асығыс таксиге отырып, Шымкентке кетіп қалады.

…Осы үш эпизод бойынша сотталушы өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ сот тағылған айыпты жөнсіз емес және дәлелденген деп тауып, Зұлқашевты «полиция капитаны» атағынан және 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Айнұр САПАРОВА

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қазталда сүйіктісі жауапкершілік алмаған соң, 19 жастағы студент шақалағын өлтірді

Келесі жаңалық

Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
505
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
288
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
559
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
204

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.