Перинаталды орталық қызметкерлері жұмыстан шығуға өтініш жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінгі таңда облыстық перинаталды орталықтың 31 қызметкері жұмыстан шығуға өтініш жазды. Денсаулық сақтау басқармасы, министрлік өкілдері және профсоюз мекемелері олармен осы жағдайға қатысты әңгімелесуде. Олар жұмысын жалғастыруда. Біз дәрігерлермен диалог орнату үшін бәрін жасап жатырмыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін күресетін қымбат маман», – деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.