Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді Атырау облысын Махамбет Досмухмбетов басқаратын болады. Ол бұл тағайындауға дейін энергетика министрінің бірінші орынбасары болды.
Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. 1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскери әкімшілік ету магистрі болған. Еңбек қызметін 1983 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған. Ал бұған дейінгі қызметі – энергетика министрінің бірінші орынбасары.
Осы күнге дейін Атырау облысын басқарып келген Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды.