Индонезияның Проболинго қаласында анасын ерекше сағынған ер адамоның мәйітін қазып алып, үйіне алып келді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі The Jakarta Post басылымына сілтеме жасап.
Марұм Сумарто есімді әйелдің ұлы Насырдың психологиялық ауытқуы бар. Қатты қайғырған ер адам 40 күн өткен соң марқұмның мәйітін қазып алуды жөн көрген.
«Қазып алған соң, анасын үйіне алып барды. Бұл әрекетін жасыру үшін мәйітін қапқа салған», – деді жергілікті тұрғындардың бірі Әмір.
Сондай-ақ, ол Сумарто жерленген зираттың орманның түпкі бөлігінде орналасқанын бөлісті. Айтуынша, ол жаққа адам аз барады.
Ақырында Насыр жақынының мәйітін үйде сақтауды жөн көрген. Бұл туралы туысы біліп қойып, кейін ол мәйітті қайта жерлеуді өтінген. Насыр туысының бұл сөзін тыңдады.