36 жастағы Стефани Вигглесвордың тілінен қатерлі ісік табылып, оны емдеудің бір ғана жолы – тілінің ұшын кесу болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі passion.ru сайтына сілтеме жасап.
Жара шыққан Стефанидің тілі жансыздана бастаған.
Әйел адамның басы үнемі ауыратын болған. Сол себепті дәрігерге жүгінген ол барлық тексерістен өтті. Алайда айтарлықтай ештеңе анықталмады.
Бірақ әйелдің өтінішімен қайта сарапта жасалған соң, Стефанидің ауыс қуысының және тілдің қатерлі ісігі анықталды. Ол кезде келіншек 30 жаста еді. Көп жағдайда бұл ауруды тек 50% адамдар ғана жеңе алады екен.
«Стефанидің өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – оның тілінен қатерлі ісік жасушалары бар бөлігін алып тастау еді. Алайда, жаңа технологиялар мен ғылымның қазіргі жетістіктерінің арқасында дәрігерлер ол үшін жаңа тіл жасап берді», – деп жазады басылым.
Стефанидің тілін қалпына келтіру операциясы шамамен алты сағатқа созылды. Хирургтар әйелдің мойнын тіліп, сол арқылы тілдің зақымданған бөлігін алып тастады.
Содан кейін Стефанидің сол қолынан алынған ұзын тамырдан, теріден және бұлшықеттерден тіл жасап, орнына қайта келтірілді.
Әйел адамның сөзінше, қолындағы жара оған ота жасалған тілге қарағанда әлдеқайда көп қолайсыздық туғызыпты», – деп жазады басылым.