Қырғызстанның экс президентінің адвокаты оның жемқорлық бабы бойынша айыпталып отырғанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Десе де заңгер Сергей Слесарев дәл қазір көп нәрседен бейхабар болып отырғанын жасырмады. Тек істің Батукаевтың босатылуына қатысты болып отырғанын бөлісті.
Осыдан 13 жыл бұрын Азиз Батукаев 17 жылға сотталды. Ол Бішкек маңындағы колониялардың бірінде төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталды. Осы қақтығыс кезінде депутат Тынычбек Акматбаев, жазаны орындау бас басқармасының басшысы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметшісі көз жұмды.
2013 жылы сотталған Батукаев дәрігерлер комиссиясының шешімімен босап шықты. Оған қан рагы ауруының соңғы кезеңі деген диагноз қойылды. Алайда Батукаевтың босап шыққаны сол еді ол араға бірнеше сағат салып елден ұшып кетті. Өзіне жаңа паспорт әзірлеп қойғаны да белгілі болды.
Батукаевқа өтірік диагноз қойғаны үшін бұрынғы вице-министр Шамиль Атаханов, Денсаулық сақтау министрлігінің экс басшысы Динара Сагинбаева және жазаны өтеу бойынша мемлекеттік қызметтің төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев ұсталды. Оларға жемқорлық және жалған құжат жасатты деген айып тағылып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін экс президент Алмазбек Атамбаевтың қамауға алынғаны туралы жазған едік.