Көкшетауда 13 жастағы мектеп оқушысы 8-қабаттан секіріп көз жұмды. Ол өзіне қол жұмсардың алдында хат жазып қалдырған. Хатында ата-анасынан ажыраспауды сұраған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 4 қазан күні болды. Бұл туралы хабар бірінші жедел жәрдемге, кейін полицияға түскен. Тәртіп сақшылары өз кезегінде жасөспірімнің 8-қабаттан секіріп кеткенін анықтады.
Ол өлер алдында хат жазып қалдырған. ҚР ҚК 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жазбада жасөспірім ата-анасынан ұрыспауды және ажыраспауды сұраған. Жедел жәрдем станциясында көрсетілгендей, бала дәрігерлер келгенге дейін бақилық болған.
Сурет: shutterstock.com