Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Twitter парақшасында алғашқы жолдауының қандай тақырыптарға арналатынын жазды.
«2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», – деді президент.
Естеріңізге сала кетсек, Talgo пойызында зорланған әйелдің оқиғасынан кейін көпшілік кінәлілердің 2,5 жылға сотталғанына наразылық білдірген еді.