Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасары пара алу кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Шенеуніктің ұсталған кезінен түсірілген видеоны ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады.
Алматы ауданының әкімінің орынбасары жеке компанияның директорынан пара алды деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, ол мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, «қамқорлық» жасау үшін пара талап еткен.
«Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаны жеке компанияның директорынан алған», – делінген хабарламада.