Ақтөбеде сыныптасын ұрып-соққан қыздардың кешірім сұрағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода төбелес шығарған қыздардың сыныптасының ата-анасынан кешірім сұрағаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Адам қатты ашуланғанда не істемейді, сондықтан мен оның шашынан сүйредім. Мен осы үшін кешірім сұраймын, бұл менің кінәм, бәріне жауап беремін, ешкім кінәлі емес, қыздар қасымда жай жүрді. Мен оны құшақтап, кешірім сұрадым, мені кешіріңіз, бұл ашуланғандықтан болды. Кешеден бері жылап жүрмін», – дейді қыз видеода.