Шымкентте ерлі-зайыптылардың жанжалы қанды төгіспен аяқталды. Ер адам әйкліне он рет пышақ сұғып, артынан өзін өлтірмек болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір екеуі де ауруханада жатыр.
Телеарнаның мәліметінше, қанды оқиға Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлер қанға боялған келіншек терезеден сыртқа секіргенін айтуда.
«Келгелі біз шок болып қалдық қой, ондай да болады екен ау деп…Мұндай нәрсені естіпегенбіз де, көрмегенбіз де. Күйеуі ашуланып әйелін не істеген дейді ғой, соны ғана білем, басқасын білмейм», – Байсапар Төлешов, көрші.
Дәрегерлердің мәліметінше, 38 жастағы келіншектің денесінде оншақты пышақ жарақаты анықталған. Оған қажетті көмек көрсетіліп, қазір жағдайы бірқалыпты. Ал оның 48 жастағы күйеуіне болса операция жасалған. Жансақтау бөліміне жатқызылған ер азаматтың хәлі ауыр.
«Түскен кездегі диагнозы көптеген мойын аймағының жарақаты, яғни бұл жерде қалқанша безі және де трахеяның зақымдануымен келіп түсті. Түскен кездегі осы ота бөліміне жатқызылып, сразу бірінші тиісті ота жасалынды. 55. Операциясында яғни қалқанша безінің қанау қан тамырларын тоқтатып жасалды және екінші трахеяға трахестонический түтікше қойылды», – деді Тайбек Садықов, қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.
Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.
«Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды», – Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.
Алайда әрлі-зайыптылардың туысқандары полицейлермен келіспеді. Қанды төгіске үшінші бір адамның қатысы бар дейді.
Туыстарының білуінше сол күні ішкілік қойылған дастархан басында бірнеше адам болған көрінеді.
«Врачтардан сұрадым, жағдайын сұрадым. жағдайын сұраған едім, «үш жерден ба қырқылған» деді. Ол адам мойнына үш жерден пышақты ол қырқа алады деп мен ойламаймын. Сүйегіне дейін өткен деген әңгіме бар осы жерде», – Бақыт Әбжаппаров, туысы.
Ерлі-зайыптының азаматтық некеден қыздары бар. Ал туыстарының айтутынша, жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан басталған.
«Жеңгем 70 мың ақша жоқ деп осы жанжалды көтеріп отыр. Үйімде ақша ұрланды деп жанжал көтерген жеңгем боп отыр бұл жерде. Мен жеңгем істеді деп отырм, ашу үстінде барлық нәрсе болады», – Әлия Әбжаппарова, туысы.
Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында мәлім болмақ. Әзірге ауруханада жатқандардың өміріне қауіп жоқ деп отыр дәрігерлер.