Арыстағы болған жарылыстан жарақат алғандардың саны 165 адамға жетті, оның 89 адамы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ауруханаға жеткізілген жарақат алушылардың ішінде 18 бала, 13 жүкті әйел бар. Тағы бесеуі жаңа босанған әйел, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында.
«Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар ТЖ нәтижесінде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда», – делінген хабарламада.
Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Арыс қаласының, Ордабасы ауданының, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларының 22 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған. Жақын облыстарда (Жамбыл және Қызылорда облыстары) 16 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған және толық дайындықта.
Қажет болған жағдайда жедел тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында борттағы медициналық жабдықтармен және ұтқыр бригадамен жабдықталған 2 санитарлық авиация тікұшағы дайын.
Сонымен қатар, орталық аудандық ауруханаларға (Отырар, Ордабасы және Сарыағаш) медициналық көмек көрсету үшін камбустиологи-дәрігерлері, нейрохирург, реаниматолог және неврологтар жіберілді. Мамандар жарақат алған үш адамға консультация берді.
ҚР ІІМ Арыста болған жарылыстан қаза тапқандардың санын айтты. Көлігіне снаряд түсіп көз жұмған азамат пен бір әскери қызмет қайтыс болды.