Арыстағы жарылысқа байланысты әскери бөлім басшысы мен оның орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылдың 23 тамызында ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Арыс арсеналында жарылыс фактісі бойынша әскери бөлімнің командирін және оның орынбасары – артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының басшысын ұстады.
Тергеу амалдары жүргізіліп, әскери бөлім басшысына бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.
«Олар қылмыстық кодекстің 462-бабы 3-бөлігі (жарылғыш заттарды пайдалану ережелерін бұзу), 453-бабы 2-бөлігі (абайсызда ауыр зардап әкелген) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінде. Дәл сол күні Түркістан облысы Арыс ауданының соты аталған адамдарды 2 ай мерзімге «Ұстау» атты алдын алу шарасына санкция берді», – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.