Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыста қанша жарылыс болғанын атап айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Оның сөзінше, жарылыстардың жалпы саны 50-ге жетуі мүмкін.
«Арыста сақталған снарядттар мен бомбалардың саны бойынша айтар болсақ, онда сол қалада 40-50 жарылыс болды», – деді Тимур Дандыбаев ОКҚ брифингінде.
Қорғаныс министрінің орынбасарының сөзінше, әскери қоймада артиллериялық оқ-дәрілер, реактивті оқ-дәрілер, белсенді зымыранды снарядтар мен гранатометтар сақталған. Бірақ ешқандай қауіпті радиоактивті элементтер сақталмаған.
«Қауіпті деп танылған радиоактивті элементтер қоймада сақталмаған», – деді Дандыбаев.